Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да төрт адамның өмірін жалмаған жазатайым оқиғаға қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі, СҚО, шошқа фермасы, жазатайым оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 22:33 Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық соты абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан қауіпсіздік ережелерін және еңбекті қорғау ережелерін бұзу туралы екі азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады. Сот ақтау үкімін шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот үкімімен М. және А. ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі емес деп танылып, оларда қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

"М. мен А.-ның кінәсі объективті түрде расталмаған, ұсынылған дәлелдемелерде олардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін бұзғандығы туралы қорытынды жасауға жеткілікті негіздер жоқ. Ақталғандардың ақталуына құқығы бар".Аққайың аудандық соты

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2023 жылы 1 тамызда "ЕМС Агро" ЖШС шошқа фермасында құдықты тазалау кезінде төрт жұмысшы қаза тапты. Компания қаза болғандардың отбасыларына моральдық және материалдық көмек көрсетті. ЖШС қаражаты есебінен жақындарының тілегі бойынша жерлеу рәсімдері ұйымдастырылып, жалпы сомасы 60 млн теңгеге жеке жәрдемақы тағайындалды, ҚР заңнамасына сәйкес марқұмның отбасы мүшелерінің пайдасына сақтандыру төлемдері жүргізілді. Серіктестік мәлімдемесіне сәйкес, арнайы комиссия ұсынған еңбек заңнамасына қатысты олқылықтарды жою шаралары белгіленген мерзімде толық орындалды. Төтенше жағдайдан кейін компания басшылығы ауысып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: