Алматыда автобус жүргізушілерін күн-түн демей жұмысқа жеккен

Автобус, жүргізушілер, еңбек заңын бұзу, Алматы, прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 19:13 Сурет: Zakon.kz
Түрксіб ауданының прокуратурасы қаланың ең ірі жолаушылар тасымалдаушысының 1656 автобус жүргізушісінің конституциялық құқықтарына нұқсан келтіре, еңбек заңнамасын бұзғандығын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы орган мәліметінше, бұзушылықтар үстеме жұмыстардың шекті санының артуынан, ауысымаралық демалыс ұзақтығының қысқаруынан және жүргізушілерге демалыс күндерінің берілмеуінен орын алып келген.

"Тасымалдаушының мұндай әрекеттері жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Талдау нәтижелеріне сәйкес тасымалдаушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтар жойылды, жұмысшылардың еңбек құқықтары қалпына келтірілді", делінген прокуратура хабарламасында. 

Айта кетсек, 2024 жылы қарашада Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілеріне жаппай заңсыз айыппұл салынғаны анықталды.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: