Желідегі дақпырт: Қостанай облыстық полициясы түсініктеме берді

Полиция, Қостанай облысы, әлеуметтік желі, фейк, науқастың қашуы, психиатриялық аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2025 13:17 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қостанай облысының департаменті "өңірдегі психиатриялық ауруханадан пышақпен қаруланған науқас қашып кетті" деген қауесетті жоққа шығарды. Ал әлеуметтік желіде тараған ақпарат фейк болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 12 қаңтарында құқық қорғау органдары қазіргі уақытта  желіде суреті тараған ер адамды іздестіріп жатқандарын, бірақ бұл реттегі жағдай мүлде басқа екенін айтты, деп жазады "Наша газета".

"Ер адамды ҚР ҚК-нің 385-бабы, 2-бөлігі, яғни "алдын ала сөз байласу бойынша бірнеше рет немесе  топ болып құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бойынша қылмыс жасады деген күдікпен іздестірілуде", деп түсіндіреді полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары оның психиатриялық ауруханадан қашқаны, қолына пышақ ұстап жүргені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Сөйтіп қала тұрғындарына жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.

Бұған дейін Қазақстанда іздеуге жарияланған әрбір екінші қашқын ғана табылатыны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: