СҚО полициясы желідегі шекарашы мен есірткі жайлы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желі, СҚО, полиция, шекарашы, есірткі, түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 20:42 Сурет: unsplash
Әлеуметтік желіде "СҚО полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-дүкендердің бірінде есірткі таратушы болып жұмыс істеуі мүмкін ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерін ұстады" деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz редакциясы СҚО ПД баспасөз қызметіне осы мәселеге қатысты түсініктеме алу үшін сұрақпен жүгінді. Белгілі болғандай, 27 жастағы елорда тұрғыны ұсталған. Ол Петропавлға синтетикалық есірткі жеткізді деген күдікке ілінген.


"Полицейлер одан шамамен 520 грамм болатын α-PvP және "мефедронды", сондай-ақ 10 грамм гашишті тәркіледі. Бұл факт бойынша полиция тергеу шараларын қолға алды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Түркістан облысында полиция көлік жүргізушісінен 7 пакет есірткі тәркілегенін жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: