Алматыда троллейбус жас жігітті қағып, мерт етті
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 2025 жылдың 13 қаңтарында троллейбус жас жігітті қағып кетіп, мерт етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты бүгін сағат 17:50-де Бостандық ауданында болған.
"11-нөмірлі троллейбус жүргізушісі Тимирязев көшесімен батыс бағытта, Байтұрсынов көшесінің батыс тұсында жүріп келіп жатып 2003 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті, өкінішке қарай, жас жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Кісі өліміне әкеліп соққан ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
Алматыда 2025 жылы 8 қаңтарда Алматыда Рысқұлов даңғылында Лобачевский көшесіне жетпей бірнеше көлік жаппай жол апатына ұшырады. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript