Қостанайда жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге мас күйде отырған

Автобус жүргізушісі, Қостанай облысы, мас, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 18:37 Сурет: polisia.kz
Қостанай қаласында 29 жастағы автобус жүргізушісі алкогольдік масаң күйде рөлге отырғаны үшін ұсталды. Ол күнделікті жолаушылар тасымалымен айналысқан. Үзіліс кезінде сыра ішкен жүргізушіні сапарға қайта шыққанда патрульдік полиция байқап, тоқтатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, медициналық куәландыру оның орташа дәрежеде масаң болғанын растады. Бұған қоса, жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі де болмағаны анықталды. Полиция өкілдері автобустың жеке кәсіпкердің атында тіркелгенін және жолға шығар алдында міндетті техникалық тексерістен өтуі тиіс екенін хабарлады.

"Daimler Benz көлігі арнайы айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге екі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін: ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Сонымен қатар сақтандыру полисінің болмағаны үшін шамамен 40 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеледі. Автобусты сақтандырусыз жолға шығаруға рұқсат берген механик те жауапкершілікке тартылады", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл оқиғадан бөлек, Қостанайда тағы бір маршруттық автобус жүргізушісі ұсталды. Ол алдыңғы әйнегі сынған автобусты жүргізген. Бұл оның бір жыл ішінде қайталап жасаған заң бұзушылығы болып шықты. Оның көлігі де айыптұраққа қойылды. Жүргізуші мен автобусты жолға шығаруға рұқсат берген механикке әкімшілік шаралар қолданылатын болады.

Қостанай облысында жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында такси және шағын автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзған 74 дерегі тіркелді. Сондай-ақ заңсыз тасымалмен айналысқан 8 жүргізуші мен жолаушыларға такси қызметін рұқсатсыз ұсынған 10 азамат анықталды.  

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: