Алматы әуежайындағы лаң: елордалық бойжеткенге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы әуежайы, ұру, супервайзер, бойжеткен, қылмыстық іс  , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 18:58 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана тұрғынын ұстады, ол Алматы – Астана рейсіне кешігіп келіп, тіркеу үстелінде қызмет көрсетуші супервайзерді ұрып, оның ұялы телефонын жерге лақтырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған фактіге сәйкес, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды". Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Flyarystan әуе компаниясының жерүсті қызметінің қызметкеріне Алматы – Астана бағытына қатынайтын FS 7057 рейсінің жолаушысы шабуыл жасағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: