Көлігінің тіркемесінен 19 киіктің тушасы табылған төрт қызылордалық құрықталды

Киік тушасы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, броконьерлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 21:31 Сурет: polisia.kz
Күмәнді жүгі бар көлік Қызылорда облысы Арал ауданында тоқтатылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті тексеру барысында тіркелмеген қару, прожектор, екі дана PUXING үлгідегі рациялары, арқан жіпті тапты.

"Автокөлік тіркемесіне қарап-тексеру барысында 19 дана өлі киік табылды. Осы факт бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады".Арал ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әлтай Нұрсұлтан

Бұған дейін Қостанайда жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге мас күйде отырғаны хабарланған.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: