Қостанайда масаң күйде TikTok-қа видео салған блогер өз қылмысын өзі әшкерелеп берді
Сурет: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Қостанайда 35 жастағы блогер автокөлікке масаң күйде отырып, қоршауға соғылған. Оқыс оқиғаны өзі видеоға түсіріп, TikTok желісіне жариялаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына келген патрульдік полицейлер жүргізушіден алкоголь иісін анықтады.
"Медициналық куәландыру алкогольдік масаң күйдің орташа дәрежесін көрсетті.Жүргізуші медициналық айықтырғышқа, ал оның көлігі мамандандырылған автотұраққа қойылды.Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін оған 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр. Сонымен қатар, ол келтірілген зиянды қалпына келтіреді". Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Бұл жағдай - облыста ағымдағы жылдың басынан бері мас жүргізушіні ұстаудың 60-шы фактісі.
Бұған дейін Астанада өзгенің мүлкін бүлдірген 330-дан астам бұзақы ұсталып, жазаланғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript