Қазақстанда мемлекеттік монополия субъектілерінің тізілімі кеңейтілді

Госслужба, планшеты, детали, заседание, совещание, зал заседаний, государственная служба, госслужащие , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2025 15:21 Фото: senate.parlam.kz
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы 2025 жылғы 8 қаңтардағы бұйрықпен мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне түзетулер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тізілім екі субъектімен толықтырылды:

  • "Қазақстан ГАЖ Орталығы" АҚ – әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторы, Астанада орналасқан;
  • "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ – білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізуді үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауды, сондай-ақ "Ұлттық білім беру базасы" ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қалыптастыруды, сүйемелдеуді, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, интеграциялауды және қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға, Астанада орналасқан.

Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап алты ай өткен соң күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: