Павлодарда мұғалім тақтада есеп шығарып тұрған оқушының арқасына бұрандалы шеге тыққан

Бұрандалы шеге, Павлодар, мұғалім, оқушы, арқасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2025 19:58 Сурет: 24.kz
Павлодарда № 26 мектептің математика пәнінің мұғалімі оқушыны тақтаға шақырып, ол есеп шығарып жатқанда баланың арқасына бұрандалы шеге тыққан. Бұл туралы баланың туыстарына болған жайтты жайып салғаннан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланың сөздері сыныпта орнатылған бақылау камерасындағы кадрлар растады.

Мұғалім бұл ретте ләм-мим деп жақ ашпады. Жасөспірімнің отбасы полицияға арыз жазды.

"Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағанға қатысты ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда", деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Мұғалімнің жұмыстан шығарылғаны белгілі.

Бұрын хабарланғандай, Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалімнің құлауына қатысты қозғалған іс бойынша кімнің күдікті деп танылғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: