Мал ұрлығы бойынша қай өңір көш бастап тұр - ҚР ІІМ

Барымта, мал ұрлығы, Алматы облысы, Абай облысы, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 19:37 Сурет: pixabay
ІІМ онлайн-брифингінде ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев елімізде мал ұрлығы бойынша қай өңір көш бастап тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2024 жылы республикамыз бойынша 1026 мал ұрлығы орын алды, бұл былтыр тіркелген жалпы ұрлықтың 3%-ын құрайды.

Аталған фактілердің жартысынан көбі еркін жайылымда жасалған. Полиция 89 қылмыстық топты құрықтады. Олардың құрамында 572 мал ұрысы болған. Ұрланған малдың 4,5 мыңнан астамы табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Осылайша өткен жылы мал ұрлығының саны 30,5%-ға төмендеді.

"Жалпы қабылданған кешенді шаралардың арқасында соңғы бес жылда мал ұрлығы 64%-ға азайды. Қылмыстың осы түрімен күресті күшейту мақсатында Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамалық, ұйымдастырушылық және практикалық шараларды тұрақты түрде жүргізеді", - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Оның айтуынша, осындай қадамдардың бірі ретінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін қабылдауды атап өтуге болады.


"Өткен жылдың қорытындысы бойынша мал ұрлығының ең көп үлесі Алматы облысына тиесілі – 213 факт, одан кейін Абай облысы – 120 факт және Түркістан облысында 116 мал ұрлығы тіркелген", – деді Шыңғыс Алекешев.

Сондай-ақ жайылым ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

2024 жылы 38,5 мыңнан астам осындай бұзушылық анықталды. Одан бөлек, мал ұрлығы үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізілген. Онда мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Өткен жылы мал ұрлығына қарсы республикалық деңгейде 2 іс-шара, өңірлік деңгейде 76 іс-шара өткізілген. 2025 жылдың қаңтар айында елімізде 69 мал ұрлығы тіркелді. 53 күдікті ұсталды. 10 қылмыстық топ әшкереленді. Ұрланған 450 малдың 134-і иелеріне қайтарылды.

Малды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін ІІМ қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады: 

  • малды қараусыз қалдырмаңыз;
  • GPS-трекерлерін орнату арқылы бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз;
  • малға ен салып, таңбалауды және чиптеуді ұмытпаңыз. 

Бұған дейін БҚО-да 44 жылқыны қолды қылған барымташылар тобы ұсталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: