Қызылорда облысында көлік тізгіндеген жасөспірімге төрт хаттама толтырылды

Полиция, Қызылорда облысы, жасөспірім, көлік айдау, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 21:32 Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысында көлік тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім полициядан қашып кетпек болған. Бұл дерек бойынша құқық бұзушының өзі де, оның ата-анасы да жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері  Сексеуіл ауылындағы көшелердің бірінде көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын байқайды. Полиция қызметкерлері дереу бағыт-бағдар беріп, көп ұзамай көлік табылды. Алайда жүргізуші тоқтаудың орнына газды басып, полиция қызметкерлерінен қашып кетпек болды.

"Тәртіп сақшылары көлік жүргізушіні жедел тоқтатып, тексеру барысында көлікті жүргізген жасөспірім екенін анықтады. Ол әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Осыған байланысты автокөлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны үшін, полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін, сондай-ақ заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды", делінген полиция хабарламасында.

Кәмелетке толмағанның ата-анасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасауға әкеп соққан кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 

Бұған дейін Түркістан облысында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, өртеніп, алты адамның қаза тапқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: