Қазақстанда активтердің шығу тегінің заңдылығын тексеру ережесі жаңартылды

Доллары и тенге, деньги, обмен валют, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2025 12:57 Фото: Zakon.kz
Бас прокурор 2025 жылғы 30 қаңтардағы бұйрықпен жаңа редакцияда активтің сатып алу (шығу тегі) көздерінің заңдылығын тағайындау және тексеру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексерудің мақсаты активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын зерттеу, активті заңсыз иемдену фактісін растау немесе теріске шығару болып табылады.

Тексеруді тағайындау туралы баянатта:

  • күні, баянат беруші адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы;
  • баянат беру күніндегі жай-күй бойынша қалыптастырылған субъектіге және (немесе) оның үлестес тұлғаларына қатысты материалдардың қысқаша мазмұны;
  • иемдену заңдылығына қатысты тексеру жүргізу жоспарланып отырған субъектінің және (немесе) оның үлестес тұлғасының активі;
  • тексеру нысанасы болып табылатын активтердің пайда болуының көздеріне алғашқы қаражаттың пайда болу кезеңін қамтуы мүмкін тексеру кезеңі;
  • тексеру жүргізу мерзімі көрсетіледі.

Тексерушілер, оның ішінде 2023 жылғы 11 қазаннан бастап тағайындалған тексеру бойынша тексерушілер ретінде активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары, сондай-ақ айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлері танылады.

Тексеруді жүргізетін тұлғалардың құрамы, тексеру нысанасы мен кезеңі тексеруді тағайындаған активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган басшысының не оның міндетін атқарушы адамның шешімі бойынша өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.

Тексеру алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Қосымша материалдарды талап ету қажет болған кезде, тексеру жүргізу мерзімі алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Тексеру, оның ішінде 2023 жылғы 11 қазаннан бастап тағайындалған тексеру сараптама, осы активке байланысты өзге де тексеру тағайындалған жағдайларда, сондай-ақ шет мемлекеттерден мәліметтер мен құжаттарды алу қажет болған кезде және тексеру жүргізуге кедергі келтіретін өзге де жағдайларда, оның ішінде аудит, активті бағалау, прокурордың талап етуі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган тексеру тағайындаған кезінде, басқа мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан, жеке тұлғалардан қосымша материалдарды талап ету кезінде, активтерді ерікті түрде қайтару шеңберінде келісу және өзге де рәсімдерді жүргізу кезінде тоқтатыла тұруы мүмкін.

Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.

Тексеру Заңның 25-бабына сәйкес келісім (келісімдер) жасалған жағдайда, оның ішінде 2023 жылғы 11 қазаннан бастап жасалған осындай келісімдердің негізінде аяқталуы мүмкін.

Қажет болған жағдайда тексеру шеңберінде қорытынды беру үшін:

  • мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (прокуратура органдарын қоспағанда);
  • меншік нысанына қарамастан ұйымдардың мамандары (жұмыскерлері) тартылады. 

Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның тиісті органдарға, мекемелерге не ұйымдарға жіберген талабы бойынша тартылады.

Жеке ұйымдардың мамандарын (жұмыскерлерін) тарту Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне не Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарларының келісуі бойынша тексеруді, оның ішінде 2023 жылғы 11 қазаннан бастап тағайындалған тексеруді жүргізуге прокуратура органдары ведомствосының, әскери және көлік прокуратурасы органдарының, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратуралардың, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралардың қызметкерлерін тарта алады. 

Түзетулермен тексеру жүргізу шеңберінде ақпарат сұратуға жол берілетін тұлғалар тобы кеңейтілді.

Тексеру барысында активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, лауазымды адамдардан және жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен істерді, ақпаратты және материалдарды сұратады және алады.

Бұдан бөлек, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдары мен ұйымдарынан немесе халықаралық ұйымдардан, субъектілерден және (немесе) олардың үлестес тұлғаларынан ақпарат сұрата алады. 

Тексеру, оның ішінде 2023 жылғы 11 қазаннан бастап тағайындалған тексеру нәтижелері бойынша мынадай:

  • активтерді пайда болуы түсініксіз активтер ретінде тану туралы соттарға талап қою туралы мәселені заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізу туралы;
  • қамтамасыз ету және (немесе) алдын ала қамтамасыз ету шараларын қоса алғанда, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген активтерді мәжбүрлеп қайтару жөніндегі өзге де шараларды іске асыруы туралы;
  • сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізу үшін материалдарды құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарға беру туралы;
  • басқа мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерге, аудиттерге, ревизияларға бастамашылық жасау туралы;
  • активтерді қайтаруға байланысты талап қоюлар беруге бастама жасау, сондай-ақ қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге де іс-шараларды жүзеге асыру туралы;
  • Конституциялық заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізу туралы;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін өзге де іс-шараларға бастамашылық жасау туралы шешімдер қабылданады. 

Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган осы тармақта көзделген шешімдерді тексеру аяқталғанға және оның қорытындылары шығарылғанға дейін қабылдауы мүмкін.

Бұйрық 2025 жылғы 14 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: