Қызылордада ата-анасы іздегеніне 2,5 ай болған жас жігіт табылды

Қызылорда облысының полицейлері қала орталығында өздері тоқтатқан ер адамның жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ мәліметінше, тәртіп сақшылары оны тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-тарату орнына орналастырып, дереу жақын туыстарын іздеуге кіріскен. Оны Жамбыл облысының Қордай ауданында қарт ата-анасы іздеп жатқандығы белгілі болды.
Ер адамның қарт анасы отбасын біріктірген полицейлерге алғыс айтты.
Бұған дейін Қарағандыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз