Шымкентте қызметіне ақы алғысы келген экс-судья 7,5 жылға сотталды

Сотта белгілі болғандай, сотталушылардың бірі танысының әйеліне оның күйеуіне бас бостандығынан айырмайтын жазаны тағайындауға көмектесуге уәде берген. Екінші сотталушы - заңгердің өтініші бойынша сотталушы осы сұрақпен Шымкент қалалық Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Жанат Мүсірәліге хабарласқан. Осылайша аталған үшеу әйел адамды адастырып, оның 110 млн теңгесіне қол сұққан.
Сот сотталушылардың үшеуін де ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (алаяқтық) кінәлі деп таныды.
Судья Жанат Мүсірәліге мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Заңгерге адвокаттың қызметімен айналысуға 7 жыл мерзімге айыра отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал үшінші сотталушы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Судья мен тағы екі күдіктіге қатысты іс қозғалғаны туралы 2024 жылдың желтоқсанында Антикор жариялаған болатын.
2025 жылы 5 қаңтарда Қазақстанда 12 судья қызметінен айырылағанын жазғанбыз.