Қарағандыда полицей көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті

Полиция, жол апаты, Қарағанды, жаяу жүргінші, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 18:39 Сурет: Zakon.kz
Қарағандыда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері отырған көлік жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан қызды қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Облыстық полиция департаменті аталған видеоға қатысты түсініктеме бере отырып, бұл оқиғаның 2025 жылы 11 ақпанда сағат 14:30-да Интернационалист-жауынгерлер көшесінде болғанын айтты.

"Қарағанды қалалық ПБ патрульдік полициясының экипажы соқтығысуға жол бермеймін деп рөлді бұрғанда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қаққан. Апат салдарынан 22 жастағы зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді. Арнайы машинаның жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Алматыда 10 ақпанда түнде Қытайдың Exit көлігін тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, мерт еткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: