Шекарашы тұрғын үй төлемін қарастырмаған жұмыс орыны үстінен арызданып, сотта жеңіп шықты

Сот үкімі, Атырау, шекарашы, тұрғын үй төлемі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2025 21:48 Сурет: Zakon.kz
Атырау облысының тұрғыны, шекарашы өзіне тұрғын үй төлемін қарастырмаған жұмыс орны - ҰҚК Шекара қызметі үстінен сотқа шағымданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылы қызметкерлердің өз жұмыс берушілеріне тұрғын үй комиссияларының хаттамалық шешімдерін даулауы бойынша талап қою арыздары айтарлықтай азайды. Дегенмен, апелляциялық сатыға екі іс жетіп, заңды күшіне енді. Бұл жолы талап қоюшылар – Шекара қызметі мен ҰҚКД қызметкерлері.

Сотта талап қоюшылардың бірі  2006 жылдан бері қызмет атқаратыны, отбасылы, үш баласы бар екені және жұбайымен бірге ипотекалық тұрғын үй сатып алғаны, ал ол үй банк кепілінде тұрғаны анықталды. Олардың тұратын басқа да баспанасы жоқ екені белгілі болды. 

МАӘС талап қою арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Алқа бұл шешіммен келісті, себебі бұл арада ҚР Конституциясының 25-бабы сақталған. Сот актісі талап қоюшының тұрғын үйге құқығын заңнамаға сәйкес жүзеге асыруына мүмкіндік берді. Тұрғын үй комиссиясының шешімі "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңды (101-3-б. 1-т. 1) т.т., 101-5-б.) қате талқылауына негізделген.

"Расында, банктік несие 2012 жылы алынған, алайда жауапкер оның 2032 жылға дейін өтелуі тиіс екенін ескермеген. Заңның тиісті нормалары 2018 жылдан бастап енгізілген, яғни талап қоюшының рапортпен жүгінген сәтінде (2024 ж. қаңтар) қолданыста болған, әрі несиені өтеу мерзімі әлі аяқталмаған. Істің мән-жайларын ескере отырып, талап қоюшы рапорт тапсырған сәттен бастап тұрғын үй төлемдерін алуға құқылы", делінген сот хабарламасында.

Іс бойынша жеке ұйғарым шығарылды. ӘРПК-нің 91-бабы бұзылғаны анықталды.

"Атап айтқанда, талап қоюшының тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешіміне берген шағымын сол комиссияның бұрынғы төрағасы қараған, ал бұл комиссия бұған дейін тұрғын үй төлемін беруден бас тартқан. Сот актілері заңды күшіне енді, орындалды. Жеке ұйғарым негізінде лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды". Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Бұған дейін енді бас бостандығынан шектелген сотталғандарға құмар ойындарын ойнауға тыйым салынатыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: