ШҚО-да ауыл әкімі де ірі айыппұлға ілінді

Әкім, ШҚО, Самар ауданы, айыппұл, бұзушылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 17:25 Сурет: freepik
Самар ауылдық округінің әкімі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, басқа әлеуетті жеткізушілердің тендерге тең қатысу мүмкіндігінен айырып, бір көзден бір ғана ЖШС-мен негізсіз екі шарт жасасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімшарттардың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асты. Бұл қаражатқа қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға қоршау  және аудан орталығына бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары сатып алынған. Алайда, соңғы шарт бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін ішінара төлем жасалған.


Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін ШҚО аудан прокуратурасының қаулысына сәйкес, Самар ауылдық округінің әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасы қағидаттық ұстаным танытып, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп кеңесінің қарауына ауыл әкіміне тәртіптік жауапкершілік шарасын қолдану туралы ұсыныс енгізді. Бұл заңды тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда заңсыз артықшылық беруі арқылы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруіне байланысты болды.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп кеңесінің шешімі негізінде, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін ауыл әкіміне қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Бұған дейін Атырауда алаяқтық бабымен сотталған экс-полицейге ірі көлемде айыппұл салынғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: