Айыппұлдары 7 млн теңгеден асқан: Ақтөбеде екі жол талғамайтын көлік айып тұрағына қойылды

Ақтөбеде жол ережесін 200 реттен астам бұзған екі жол талғамайтын көлік анықталды. Кейбір жүргізушілер шетелдік немесе транзиттік нөмірлері бар көліктер бейнебақылау камераларына тіркелмейді деп ойлайды. Алайда бұл – қате түсінік, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, заманауи камералар мен "Автоураган-МС" мобильді кешендері шетелдік нөмірлері бар автокөліктердің де жол ережесін бұзғанын анықтай алады.
Мысалы, Ақтөбеде мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендердің көмегімен жол ережесін 200-ден астам рет бұзған екі Lexus жол талғамайтын көлігі анықталды.
"Оның бірі алты ай ішінде 94 рет ереже бұзып, жалпы сомасы 3,2 миллион теңгеден астам айыппұл жинаған. Ал екінші көлік жыл басынан бері 126 рет заң бұзып, 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, көліктер коммуналдық тұраққа қойылды". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Аймақта жұмыс істеп тұрған мобильді кешендер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға көмектеседі.
Бұған дейін Шымкентте полициядан қашқан жүргізушінің видеоға түсіп қалғанын жазғанбыз. Ол жеті рет бағдаршамның қызыл түсін елемей, жол кескен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript