"Пранк" жасаймын деп сүйіктісінің есігін өртеп алған павлодарлық ірі айыппұл арқалады

Есік, өрт, Павлодар, пранк, сот үкімі, ер адам, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 20:51 Сурет: pixabay
Жаңа жыл қарсаңында Павлодардың 59 жастағы тұрғыны бұрын бірге тұрған сүйіктісінің пәтерінің есігін бояп, май жағып, "пранк" жасамақ болады. Алайда әйел адам қалжыңды түсінбейтін болып шықты, іс сотқа жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 2024 жылдың 31 желтоқсанында Павлодар қаласында Жаңа жыл түнінде болған.

Сот отырысында жәбірленушінің ер адаммен бірге тұрғаны, жанжалдың салдарынан бөлек кеткені белгілі болды. Ер адам татуласу мақсатында бірнеше рет телефон соғып, онымен достаспақ болған. Бірақ, оның мұндай әрекеті бірден тыйылған. Полиция оған ескерту жасап отырған.

2024 жылғы 31 желтоқсанда әйел адам сыртқы есіктің боялғанын және төменгі жағында өрттен қалған із барын байқаған. Кіре беріс есіктің үстінде орналасқан камера Б-ның подъездге кірген сәтін түсіріп алған. Ер адам құқық бұзушылық жасағанын толық мойындады. Ол істеген ісіне өкініш білдірді.

Құқық бұзушы сотта пранк мақсатында сүйіктісінің үйіне келіп, сыртқы есігіне бояу шашып, бенгаль отшашуын жақта есікке зиян келгенін айтты. 

"Ер адам келтірілген зиянды өтеуге міндеттенді. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жәбiрленушiнiң арызымен, түсiнiктемесiмен, сондай-ақ кiнәлiнiң жазбаша түсiнiктемесiмен расталады. Павлодар қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты іс материалдарын зерделеп, азамат Б.-ны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 78 640 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады", делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бұған дейін Семейде үлкендері кіші оқушыға зәбір көрсеткен мектептің директоры жұмыстан босатылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: