Алматыда полицейлер банк бөлімшесіне лап қойды - полиция түсініктемесі

Полиция, Алматы, банк бөлімшесі, түсініктеме, қарақшылық шабуыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2025 18:39 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлеуметтік желіде Алматыда Достық-Шевченко көшелерінің қилысында банк бөлімшесі маңында полицейлердің қаптап кеткені туралы ақпарат пайда болды. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі Zakon.kz-ға бұл оқиғаны растағанымен, өздеріне келіп түскен қауіп туралы факт өтірік болып шыққанын айтты.

Оқиға куәгерлері полицейлердің көлігінен түсе салып, жолай брон кеудешілерін кие жүре, банк бөлімшесіне лап қойғанын айтады.

Полиция мәліметінше, өздеріне екінші деңгейдегі банктердің біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Дереу ақпаратты тексеру шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде ақпарат расталмады. Абоненттен келіп түскен мәліметтер жалған болып шықты. Қазіргі уақытта қоңырау иесін анықтау жұмыстары жүргізілуде". Алматы қалалық ПД

Полиция жалған ақпарат берушінің заңда көзделген тәртіппен жауапкершілікке тартылатынын да нақтылады.

Бұған дейін полицияға жалған хабарлама берген қостанайлық оқушының ата-анасы жазаланғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: