Ақтөбе облысында учаскелік полицей су ортасында қалып кеткен үй жануарларын құтқарды

Су жайылу, жылқылар, Ақтөбе облысы, құтқару, полицей, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2025 22:42 Сурет: polisia.kz
17 наурызда еріген қар суының салдарынан Ақтөбе облысында Бала Қобда өзені арнасынан асып, Бұлақ ауылының жылқылары судың ортасындағы қалып қойған. Судың ағысынан жылқыларға қауіп төнген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл тұрғындарының WhatsApp желісіндегі чат арқылы көмек сұрап жатқанын көрген осы ауылдың учаскелік полиция инспекторы Бексұлтан Қылышбаев мал иесіне дереу хабарласып, өз көмегін ұсынған.

18 наурызда Бексұлтан өзінің резеңке қайығын алып шығып, мал иесімен бірге жануарларды құтқаруға барған. Оқиға орнына жеткен олар су ортасында қалған жылқылардың арасы алшақтап кеткенін көрген.

Төрт сағатқа созылған құтқару операциясының нәтижесінде жылқылар судан шығарылып, иесіне тапсырылды.

Бұған дейін Қанат Бозымбаевтың су басу қаупі жоғары Ақтөбе облысында жүргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: