Балқашта кенеттен мінез танытқан түйе адамдарды таптап кете жаздады

Түйе, Балқаш, Наурыз, оқыс оқиға, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2025 23:30 Сурет: pixabay
21 наурызда Балқаш қаласында алаңда Наурыз мерекесі кезінде түйе адамды таптап кете жаздады. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода түйе кенеттен агрессивті мінез-құлық танытып, мөңки шаба жөнелгенін көруге болады. Осылайша арбаға жегілген жануар өз бетімен қашады. Оны тоқтатуға тырысқан ер адам құлап, түйе астына түседі. 

Бұл оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.

"2025 жылдың 21 наурызында М. Хамзин атындағы Мәдениет үйі жанында болған аталған оқиғаға қатысты түйе иесі - Балқаш қаласының тұрғынына ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБТК-ның 505-бабы, 1-бөлігі, 408-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтөбе облысында учаскелік полицей су ортасында қалып кеткен үй жануарларын құтқарғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: