Мереке күндері еліміз бойынша 21 мыңнан астам полицей мен ұландық қызмет етеді

Полиция, ұландықтар, Наурыз, мереке, қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2025 10:14 Сурет: Zakon.kz
Наурыз мейрамы мерекелік концерттермен және бұқаралық іс-шаралармен өткізіледі. Осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдеу күшейтіліп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізілуде.

"Тәртіп сақшыларының арқасында қазақстандық азаматтар мерекелік атмосфераны алаңсыз сезіне алады", делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ерекше статистиканы ұсынды. Қазақстанда Наурыз есімді 119 полицей қызмет етеді екен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: