Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту: ережелер жаңартылды

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту: ережелер жаңартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2025 11:37 Сурет: freepik
Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2025 жылғы 14 наурыздағы бұйрығымен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жаңартылды.

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауылдық округтер әкімдердері жеке немесе заңды тұлғаларға көрсетеді.

  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
  • egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы.

Қажетті құжаттар

  • нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;

жер комиссиясының оң шешімі (елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) немесе жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгергені туралы оң қорытынды қорытынды (елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) болған жағдайда бір жұмыс күні ішінде:

  • жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, кадастрлық (бағалау) құны арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу;

әуеайлақ маңы аумағында орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда:

  • әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

  • елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда - сегіз жұмыс күніне дейінгі мерзімде;
  • елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 жұмыс күніне дейінгі мерзімде.

Көрсетілген мерзімдерге жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу уақыты кірмейді.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесін сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) (жер учаскесін сатып алған жағдайда) шартын қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

  • мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
  • көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
  • мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­ра­ным­ға ке­лі­су­ші ор­ган­дар­дың те­ріс жа­у­а­бы;
  • мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.

Сондай-ақ, жаңа редакцияда "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары баяндалған.

Бұйрық 2025 жылғы 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: