Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер жаңартылды

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 10:37 Фото: pexels
Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі бұйрығымен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жаңа редакцияда "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары баяндалған.

Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жеке және заңды тұлғаларға көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет электрондық нысанда (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде) 10 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.

Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартуға өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі не портал арқылы жүзеге асырылады.

Сондай ақ келесі құжаттарды ұсыну қажет:

көрсетілетін қызметті берушіге:

  • сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);
  • жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі (шарт туралы ақпарат біріңғай мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады);

порталға:

  • қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
  • сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);
  • жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың электрондық көшірмесі (шарт туралы ақпарат біріңғай мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады).

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады және жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не объект салу, қызмет көрсету, орналастыру үшін ұсынылған жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жолдайды.

Құжаттар келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды.

Объектінің құрылысы, қызмет көрсету, орналастыру үшін берілген жер учаскелері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін кадастрлық құжаттамамен сәйкестендіреді, сәулет-жоспарлау тапсырмалары талаптарының сақталуын тексереді, қорытынды дайындайды және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттiк корпорацияға жер учаскесi шекараларының өзгермейтіндігі туралы мәлiметтерді беру туралы сұраным жолдайды, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің нәтижелерін қарастырады.

Мемлекеттік корпорация 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді көрсете отырып тиісті қорытынды ұсынады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда:

  • жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды жинақтап қорытындылайды, жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасын әзірлейді;
  • жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасымен келіседі;
  • көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешім жобасына қол қояды.

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің көшірмесі жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасау үшін жолданады.

Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының жобасын әзірлейді.

Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шартқа қол қояды.

Көрсетілетін қызметті беруішінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган басшысының қолы қойылған жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шарт портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қояды.

Бұйрық 2025 жылғы 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: