Маңғыстау облысындағы оқушы баланың жұмақ өліміне қатысты прокуратура мәлімдеме жасады

Прокуратура Ақжігіт ауылында болған 11-сынып оқушысының өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымының мәліметінше, Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Малыбаев Ақжігіттегі 17 жасар оқушының өліміне қатысты істі жеке бақылауға алды.
Жасөспірім өліміне қатысты 20 жастағы жігітке күдік келтіріледі. Ол қазір ұсталып, қамауда отыр. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі, "Жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапқа сәйкес, мүлкі тәркіленіп немесе тәркіленбей, сегіз жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.
Қайғылы оқиға 8 сәуірде болды. Марқұмның туыстарына жасөспірімнің құлап, ауыр жарақат алғаны, соның салдарынан көз жұмғаны айтылған. Алайда қаралы отбасы бұған сенбейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript