Елордалықтың 1 млн теңгеге сатып алған VIP-абонементі жалған болып шықты

Астанада танымал фитнес-клубтың жалған абонементін сатты деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция ер адамның әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде VIP билеттерді төмен бағамен ұсынып, хабарландыру жариялағанын анықтаған.
"Ақшаны алғаннан кейін ол сатып алушыларға жалған электронды абонементтерді жіберген. Құрбан болғандардың бірі - елорданың 43 жастағы тұрғыны, ол элиталық спортзалда дайындалу үшін ер адамға 1 миллион теңге аударған. Қазіргі уақытта оның шамамен осыған ұқсас 20 эпизодқа қатысы бары анықталды", делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы облысында киберполиция ірі көлемдегі алаяқтықты әшкерелегенін хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript