"Бірі рөлде болған". БҚО-да жол апатынан қос жасөспірім қаза тапты

Жол апаты, БҚО, Переметное – Белес, екі жасөспірім, қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 18:33 Сурет: БҚО ПД баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында "Переметное-Белес" тас жолында екі көлік соқтығысып, салдарынан 17 жастағы жүргізуші мен 15 жастағы жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апаты 21 сәуірде сағат 11: 00 шамасында болған.

"Jac N 56 және VAZ 2110 маркалы көліктер соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 2008 жылғы жүргізушісі мен  2010 жылғы жолаушысы, яғни екі кәмелетке толмаған жасөспірімдер көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ", - деп атап өтті полиция департаменті.

Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы алда анықталатын болады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: