Қызылорда облысында ер адам әйелінің қолын балталап тастады

Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауылдардың бірінде 42 жастағы әйелдің қолын күйеуі балталап тастаған. Қазір келіншек ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Науқасқа шұғыл көмек көрсету үшін қаладан санавациямен дәрігерлер келіп-жеткен. Олар келіншектің өзге де бірнеше жарақаттары барын айтады. Басынан да қатты соққы алған. Сондықтан жәбірленушінің денсаулығына қатысты, әзірге ақхалаттылар нақты шешім айта алмайтындарын жеткізді. Ал күдікті аудандағы мектептердің бірінде биология пәнінің мұғалім болып жұмыс істейді. 20 жылдан аса тәжірибесі бар маман, деп хабарлайды Astana.tv.
"Полиция адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында. Тергеу амалдары жалғасуда. Өзге мәліметтер жария етуге жатпайды".Қызылорда облыстық полиция департаменті
Іс департамент басшылығының бақылауына алынғаны да нақтыланады.
Бұған дейін Қарағандыда жоғары шенді полиция полковнигі қаза тапқаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript