Алматылықтарды аң-таң еткен жаңа бағдаршам: қалалық полиция түсініктеме берді

Бағдаршам, Алматы, Барахолка, Адем, полиция, түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2025 17:37 Сурет: Zakon.kz
Алматылықтарды қаладағы магистральдық көшелердің біріндегі көпір үстіне орналастырылған жаңа бағдаршамдар аң-таң етті. Полиция департаменті бағдаршамдардың бұлай неге орналасқанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде айтылғандай, мұндай жаңашылдық "Барахолка" -"Адем" СҮ жанынан бой көрсеткен.

Бұған куә алматылықтар өз таңданысын жасыра алмаған. Ал Алматы қалалық ПД бағдаршамдарды реттеудің жаңа схемасы енгізілгенін айтады.

"Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, апатты жағдайларды азайту және көлік ағынын тежеу мақсатында солтүстік айналма жолы мен Москвин көшелерінің қиылысында бағдаршамдарды реттеудің жаңа схемасы енгізілді. Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, шара Алматы тұрғындарының көптеген өтініші негізінде жүзеге асырылуда және ол "Алматы қаласының қалалық ұтқырлық басқармасы" КММ бағдарламаларының әкімшісі әзірлеген эксперименттік жобаның бір бөлігі болып табылады, – деп хабарлады полициядағылар.

Жаңа тәсіл екі фазалы бағдаршамдық реттеуді қамтиды, бұл "Адем" сауда орталығы ауданындағы солтүстік айналма жолмен солтүстік бағытта келе жатқан жүргізушілерге оңтүстік бағытқа қауіпсіз айналуға және қозғалуға мүмкіндік береді.

"Жаңа схеманы енгізу учаскенің өткізу қабілетін едәуір жақсартады және жол-көлік оқиғаларының санын азайтады деп күтіледі", – деп атап өтті ПД баспасөз қызметі.

Сәуір айының со

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: