Балаларды бейімдеу орталықтарында ұстау ережесі бекітілді

Ребенок у окна, дети у окна, окно, падение из окна, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 14:33 Фото: pexels
Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 29 сәуірдегі бұйрықпен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидалары мен шарттарын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарына: 

  • жетім балалар;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – ата-анасының ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кетті деп танылуына, қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балалар;
  • арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;
  • әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар қабылданады. 

Кәмелетке толмағандарды орталықтарға (орталықтардан) орналастыру, ауыстыру және шығару жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Орталықтарда күнтізбелік жыл ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер түрінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Бұйрық 2025 жылғы 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: