Қазақстанда қандас мәртебесін беру тәртібін қайта қарау жоспарлануда

Қазақстанда қандас мәртебесін беру тәртібін қайта қарау жоспарлануда, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 14:20 Сурет: ҚР СІМ
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов "қандас мәртебесін беру тетігін өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" 2025 жылғы 25 сәуірдегі өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қандас мәртебесін беру тетігіне заңнамалық түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамына:

  • ҚР Премьер-министрінің орынбасары, басшысы;
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, басшының орынбасары;
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы, хатшы;
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • ҚР Әділет вице-министрі;
  • ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі;
  • ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі;
  • ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
  • ҚР Білім вице-министрі;
  • ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары;
  • ҚР Ұлттық экономика вице-министрі;
  • ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
  • ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары;
  • ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі;
  • облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары.

Жұмыс тобына 2025 жылғы 30 мамырға дейінгі мерзімде қандас мәртебесін беру тәртібін қайта қарау бойынша заңнамалық түзетулер әзірлеп, оларды ҚР Үкіметінің Аппаратына енгізу тапсырылды.

Қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және оның ұлты қазақ отбасы мүшелері.

Бұған дейін тұрғын үйге мұқтаждарды, оның ішінде қандастарды есепке қоюдың жаңа қағидалары бекітілгендігі жайлы жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: