"Көз тигеннен тазалау". Ақмола облысында алаяқтық құрбаны полиция көмегіне жүгінді

Атбасар ауданының полициясына жергілікті тұрғын алаяқтық құрбаны болғанын айтып, арызданған. Ол өзіне тиген көзден тазалану үшін емші-сымақ әйелге қомақты ақша бергенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленуші Ақмола облысы ПД қызметкерлеріне өзі сатушы болып жұмыс істейтін дүкенге бейтаныс әйел бас сұққанын айтқан. Тауарды қарап шыққаннан кейін ол сатушыға келіп, "Сізге қатты көз тиген екен", - дейді.
"Осыдан кейін ол судың көмегімен "тазарту" рәсімін жүргізетінін айтқан. Ол үшін 50 мың теңге көлемінде төлемақы талап еткен. Әйел дәл қазір өзінде ондай ақша жоғын айтады. Ақырында ол сұраған соманың бір бөлігін ақшалай, ал қалғанын дүкендегі тауарлармен өтейді. Әлгі әйел кеткеннен кейін ғана сатушы өзінің алаяқтық құрбаны болғанын түсінеді", делінген хабарламада.
Оның айтуынша, рәсім кезінде ол гипнозға ұқсас күйде болып, өзінің әрекеттеріне толық баға бере алмаған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін Таразда қала әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрбол Қалдыбаевқа қатысты сот үкімі шыққанын хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript