Алматы облысында ауыл тұрғынын пышақтап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр

Ұзынағаш ауылының тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға келіп түсті. Қылмыс орнынан қашып кеткен күдіктіні қазір құқық қорғау органы қызметкерлері іздестіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелгенін, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынғанын айтты.
"Қазіргі уақытта күдіктінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Полиция болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-қимылдар кешенін жүзеге асырады. Кінәлі адам заңға сәйкес жауапқа тартылады", - дейді құқық қорғау органдары.
Айта кетсек, 2025 жылғы 24 мамыр түні Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде өрт шықты. Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, оқиға орнынан 12 пышақ жарақатын алған әкімшінің денесі табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен 23 жастағы күдікті ұсталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript