Испаниядан ерекше сәлемдеме алған елордалық жігіт 16 жылға сотталды

Сотталды, Испания, сәлемдеме, есірткі, ер адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 19:59 Сурет: pexels
Астанада Көлік полицейлері шетелден есірткі жеткізудің халықаралық арнасын әшкереледі, ал курьер бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті 2025 жылы 26 маусымда мәлімдеді.

"2025 жылдың ақпан айында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері арнайы операция нәтижесінде Испаниядан елордаға жеткізілген ірі көлемдегі есірткінің контрабандасын тоқтатты.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласындағы пошта бөлімшелерінің бірінен кәдімгі тауар ретінде жасырылған сәлемдеме табылды. Сараптама нәтижесінде оның құрамында 700 грамнан астам каннабис шайыры бар екені анықталды", делінген хабарламада.

Сәлемдемені алмақ болған сәтінде 23 жастағы есірткі тасымалдаушы ұсталды.

Оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында есірткіні бөлшектеуге арналған құралдар, таразы, орама материалдары және "жасырын орындар" арқылы жүйелі түрде сату фактілерін растайтын жазбалар табылды.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың шифрланған мессенджерлер арқылы нұсқаулар алып, елорда аумағында есірткі заттарын бөлшектеп, таратумен айналысқаны анықталды.


"Көлік полицейлерінің кәсібилігінің арқасында есірткі жеткізудің халықаралық арнасы жойылды.Мамыр айында сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті". Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Астанада есірткіге қарсы күрес айлығы басталғанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: