Қызылордалық оқушы қызды жыныстық құлдыққа жегу: полиция "тұтынушыларды" да жазаламақ

Оқушы қыз, Қызылорда, жыныстық құлдық, Санжар Әділов, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 18:40 Сурет: pexels
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында 2025 жылдың 28 мамырында Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы қыз қабылдауға мәжбүр болған ер адамдарға қатысты қандай жаза қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер вице-министрден кәмәлетке толмаған қызбен жыныстық қатынаста болғандар неге жазаланбағанын сұрады. Ал бұған дейін министрлік олардың жазаланатынын айтқан.

Санжар Әділов бұл іс бойынша бірқатар үкімдердің жарияланып қойғанын еске салды.

"Біздің өндірісте тағы екі қылмыстық іс бар. Сіздер айтқан жайттарға байланысты тексерулер жүргізіледі. Бұл жағдай жүргізіліп жатқан тергеулер аясында соңына дейін тексеріліп, пысықталатын болады. Оларға қатысты біз міндетті түрде құқықтық баға береміз, өйткені бізде тағы екі қылмыстық іс бойынша әлі тергеу жүріп жатыр", – деді ол.

2024 жылдың жазында Қызылордада сыныптастары оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы жаға ұстатар факт елді дүр сілкінтті. Олар оны ұзақ уақыт бойы қорлап, есірткіге тәуелді еткен.  4 қыркүйекте Қызылорда облысында осы жанжалға байланысты білім беру саласының бірқатар лауазымды тұлғалары жұмыстан босатылып, жазаланды. 19 қыркүйекте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха сыныптастары жыныстық құлдыққа салған қызылордалық оқушы қыздың ісі бойынша 13 фигурант анықталғанын айтты. 2024 жылдың 11 қарашасында бұл іс бойынша алғашқы сот үкімі жарияланды.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: