ҚР Бас прокуратурасы Шерзат ісі туралы: Біз тек заңнама нормаларын басшылыққа алдық

Прокурор, Шерзат Полат ісі, түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 17:14 Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Сот 2024 жылдың қазан айында Талғар қаласында болған кәмелетке толмаған Шерзат Полатты өлтіру туралы істі қарауды аяқтады. Мемлекеттік айыптаушы Ержан Құрақбаев кейін аталған іске қатысты түсініктеме беріп, сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz., деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрақбаев сот ашық өткенін, процесті онлайн режимінде бақылауға барлық жағдай жасалғанын баса атап өтті. 

"Біз соттан Абзал Шынасылды 23 жылға, Равиль Сакиевті 20 жылға, Азамат Тоқтаубаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды, ал қалғандарына Қылмыстық заңнамаға сәйкес бұзақылық бойынша ең жоғарғы жазаны тағайындауды сұрадық. Іс материалдарына сәйкес және сотта анықталғандай Шерзаттың өліміне әкелген жалғыз соққыны Шынасыл Абзал жасаған. Сондай-ақ, ол Сакиевпен бірге Шерзаттың ағасы жәбірленуші Гаипбаевқа пышақпен соққы жасап, өлтіруге оқталған", - деді Құрақбаев.

Іс бойынша екі тәуелсіз сот-медициналық сараптама жүргізілді. Екі сарапшыдан да сотта жауап алынды. Олар бір ауыздан Шерзаттың өлімі пышақпен сол жақ өкпесін зақымдаған жарақаттан, яғни осы жарақаттың салдарынан көп қан жоғалтудан болғанын көрсетті.

"Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, төбелестің басқа қатысушылары соққылар денсаулыққа зиян келтірмейтін зақым ретінде бағаланған. Бұл зақымданулар мен жәбірленушінің өлімі арасында байланыс жоқ екенін анық көрсеткен. Осылайша, қайғылы оқиғаның хронологиясы толық қарастырылып, барлық дәлелдемелер зерттелді. Біз тек заңнама нормаларын басшылыққа алдық. Куә ретінде жауап алынған екі қыз Нурбекова мен Жақсыкелді және бұдан бөлек Қазакенов пен Рузбакиевке де қатысты біз соттан жеке қаулы шығарып, олар бойынша процессуалдық шешімін қабылдау үшін Алматы облысының полиция департаментіне жолдауды сұрадық", - дейді ол.

Айта кетсек, 2025 жылдың 5 маусымында Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды. Абзал Шынасылды 23 жылға, Равиль Сакиевті 20 жылға, Азамат Тоқтаубаевты 15 жылға бас бостандығынан айырылды, олардан бөлек тағы үш адамға түрлі жаза тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: