"Үстіне шығып, секірген". Астанада жасөспірімдер өзгенің көліктерін бүлдірген

Вандализм, Астана, бұзақылық, жасөспірімдер, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 19:41 Сурет: видеодан алынды
Астанада қалалық полиция қызметкерлері құрылыс алаңында тұрған бірнеше көлікке зақым келтірген жасөспірімдерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің нақтылауынша, көліктер жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарына тиесілі болған және ұзақ уақыт бойы сол аумақта тұрған.

"Бөтеннің мүлкін бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда көлік иелеріне келген материалдық шығын мөлшері есептеліп жатыр. Тергеу нәтижесінде жасөспірімдердің заңды өкілдері — ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар балалардың әрекеті Астана қаласы әкімдігі жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады", делінген хабарламада.

Полиция ата-аналарға балаларының бос уақытын бақылауда ұстап, заңға қайшы әрекеттердің салдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін ескертеді.

Бөтен мүлікті әдейі жою немесе бүлдіру 60 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеліп соғуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанда бұзақылық үшін жазаны қатайту ұсынылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: