Қазақстан компьютерлік қылмыстар туралы Конвенцияны ратификациялайды

Искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2025 10:01 Фото: pixabay
Ішкі істер министрлігі "компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты компьютерлік қылмыстарға қарсы іс-қимыл және ақпаратпен жедел алмасу үшін конвенцияға қосылған мемлекеттермен өзара халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негізін әзірлеу.

Конвенциямен компьютерлік жүйелер мен желілердің және компьютерлік деректердің құпиялылығына, тұтастығына және қолжетімділігіне қарсы, сондай-ақ осы Конвенцияда сипатталатын осындай іс-әрекеттердің қылмыстық жазалануын қамтамасыз ету және осындай қылмыстық сипаттағы қылмыстармен тиімді күрес жүргізу үшін жеткілікті өкілеттіктер беру арқылы, мұндай қылмыстық сипаттағы қылмыстарды анықтау мен тергеуге және оларды мемлекетішілік деңгейде де, халықаралық деңгейде де жасағаны үшін сот қудалауына жәрдемдесу және жедел әрі сенімді халықаралық ынтымақтастыққа қатысты уағдаластықтарды әзірлеу арқылы осындай жүйелерді, желілерді және деректерді теріс пайдалануға қарсы бағытталған іс-қимыл көзделген.

Конвенцияны ратификациялау компьютерлік қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында конвенцияға қатысушы мемлекеттермен өзара ынтымақтастық жасасуға құқықтық негізді құрайды және реттейтін салада ынтымақтастық механизмін құру мен компьютерлік қылмыстармен күресудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Министрлік ақпаратынша, Қазақстан Республикасы 2023 жылғы 19 сәуірде Еуропа кеңесінің министрлер Комитетімен компьютерлік қылмыстар туралы Конвенциясына қосылуға шақырылды.

Құжат 11 шілдеге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: