Қазақстанда үлестік құрылысты бақылау күшейтілді: Президент заңға қол қойды

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 15:43 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, оған сәйкес үлескерлерді қорғау күшейтілді, инватакси жобасы кеңейтілді, жол саласында цифрлық шешімдер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 30 маусымда Ақорда таратқан ақпарға сүйенсек, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң Азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік және Әлеуметтік кодекстерге, сондай-ақ 14 заңға түзетулер енгізді.

  • Түзетулердің бірінші блогы үлестік құрылыс процестерінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге, үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
  • Түзетулердің екінші блогында инватакси пилоттық жобасын жаппай қолданысқа енгізу көзделген.Әлеуметтік қызметтер порталында қолжетімді қызметтер санатына мүгедек жандарды инватаксимен тасымалдау қызметі енгізілді. Яғни мүгедектігі бар адамдар өздерінің ерекше қажеттілігіне байланысты көлік шақыруға мүмкіндік алды. Осылайша олардың еркін жүріп-тұруы қамтамасыз етіледі.
  • Түзетулердің үшінші блогы автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, жол саласын цифрландыру мақсатында "Автомобиль жолдары туралы" Заңда жол құрылысы материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын жасақтауға құқықтық негіз пайда болды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың нысаналы капитал және эндаумент-қорлар туралы заңға қол қойғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: