Баланың иттерге талануы: прокуратура кінәлі тұлғалардың қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді

Прокуратура, Алматы облысы, бала, иттерге талану, мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2025 20:23 Сурет: gov.kz
Алматы облысының прокуратурасы Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында балаға иттердің шабуыл жасау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасаған иттер адамдарға әртүрлі тәуелділіктерден емдеу көмегін көрсететін жекеменшік оңалту орталығының аумағында ұсталған.

"Тергеу аясында оңалту орталығының үй жануарларын ұстау ережелерін сақталуына құқықтық баға берілетін болады. Кінәлі тұлғалар заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. Істің тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауында". Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы маңында қабаған иттер 10 жасар баланы талап тастағаны хабарланған. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Үш иттің бірін оқиға куәгері атуға мәжбүр болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: