Жаңа арнайы экономикалық аймақ – "Қорғас – Шығыс қақпасы" құрылды

Хоргос, Международный Центр Приграничного Сотрудничества, МЦПС, беспошлинная торговля между Китаем и Казахстаном, торговые отношения Китая и Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 14:14 Фото: Zakon.kz
"Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Үкіметінің 2025 жылғы 1 шілдедегі қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, бекітілген:

  • "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже; "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА нысаналы индикаторлары.
  • АЭА Жетісу облысының аумағында орналасқан, оның аумағы 5431,5 гектар және ҚР аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

Оның бірнеше аймақтары бар:

  • логистикалық аймақ;
  • индустриялық аймақ;
  • порт аймағы (аэрохаб).

АЭА келесі мақсаттарда құрылады:

  • қазіргі заманғы жоғары өнімді, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру, инвестициялар тарту, экономика және өңір саласында жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;
  • сауда-экспорт қызметінің мүдделерін қамтамасыз ететін тиімді көліктік-логистикалық және индустриялық орталық құру және Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру, сондай-ақ іргелес мемлекеттермен экономикалық және мәдени алмасуды дамытуға;
  • шекара маңындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

2030 жылға қарай АЭА аумағында 85 компанияда 20 500 жұмыс орны құрылады, тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндіру көлемі 1171,3 млрд теңгені құрайды деп күтілуде.

АЭА аумағында өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі 75%-ды құрайды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: