Абай облысында қол астындағыларды "рогаткамен тәртіптейтін" полиция бастығы назарға ілікті

Рогатка, полиция бастығы, Абай облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2025 20:34 Сурет: pixabay
Абай облысында желіде полиция бөлімі бастығының қол астындағыларды зақпымен атқылап жүргенін сипаттайтын видео тарады. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желідегі видео сипаттамасында "осылайша бастық өз қол астындағыларды "тәрбиелейді", сөйтіп олардың адамдық қадір-қасиетін таптайды" делінген.

Өңір полициясы Абай облысының полиция департаментінің жеке құрамы бойынша инспекцияна жергілікті елдімекенге барып қызметтік тергеу жүргізуі тапсырылғанын айтты.

"Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті шешім қабылданатын болады. Тәртіп пен заңдылықтың сақталуы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", деп нақтылады полициядағылар.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде астаналық әскери қызметшінің әскери қалашық аумағында жекеменшік компанияның қызметкерін зорлағаны туралы ақпарат тарады. Елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жайтқан түсініктеме берген. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: