Атырау тұрғыны үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған
Сурет: polisia.kz
Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы аясында есірткі затын өсірумен айналысқан 52 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде фитозертхана ретінде жабдықталған сарайынан салмағы 5 келі болатын 21 түп қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді.
"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды". Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Айта кетсек, 2025 жылдың алты айында 38 жасөспірім есірткі қылмысы бойынша ұсталған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript