"Одан итті тартып алу керек". Алматыда тазының егесінің әрекеті қызу талқыға түсті
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматы қаласының тұрғындары жануарға жасалған кезекті қатыгездіктің куәсі болды. 2025 жылдың 20 шілдесінде ойын алаңдарының бірінде иесі итін спорт темірге алдыңғы екі аяғымен бірге байлап, артқы екі аяғымен тұрған күйіне байлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл оқиғаның куәгері - қыз бала қынсылап, көмек сұраған итті видеоға түсіріп, Threads-тегі парақшалардың бірінде жариялады. Автордың айтуынша, ит темірде "ілулі" күйде тұрған.
"Ол қыңсылап, ұлып, дірілдеп, ақситып тісін де көрсетті. Бұл - ауырсынудың белгілері. Менің және басқа да сол маңдағы адамдардың наразылығына ит егесі қоқаңдап, айқайға басты", – деп жазады ол.
Қыз полиция шақырғаннан кейін жігіт ақтала бастаған.
"Ол итінің тазы тұқымынан екенін айтты. Бір жаста дейді, сондықтан оның денесін созып, осылай жаттықтыру керек-мыс. Қандай абсурд, көрдіңіздер ме? Сонда бұл қандай жаттығу тәсілдері? Ал ит болса, қиналып тұрғанын анық байқатты", - дейді автор.
- Одан итті тартып алу керек.
- Бүгін осы жайтқа бей-жай қарамаған баршаға алғыс білдіремін, расында кейбіреу шаруасы жоқтай өз алдына кетіп бара жатыр.
- Өстіп біреуі итін байлап қояды, екіншісі әйелін.
- Шыныменды айтсам, өзімді жаман сезіндім. Егер ол жұрттың көзінше осындайға барып жатса, ал жабық есіктің артында не болып жатқанын бір Құдай біледі, – деп жазыпты желіні қолданушылар.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне жүгінді.
Ведомство аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізгенін атап өтті.
"Ер адамға қатысты тексеру нәтижелері бойынша Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды". Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Тәртіп сақшылары ит иесінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын да нақтылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript