Шығыс Қазақстан облысында жалған ақпарат берген лауазымды тұлға жазаланды

Шенеунік, лауазымды тұлға, ШҚО, Самар ауданы, жалған ақпарат, жазалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2025 19:43 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Жер қатынастары бөлімінің басшысы мемлекеттік органдарға жалған ақпарат бергені үшін жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, аудан әкімі аппаратының сайтында ауданы 180,34 гектар бос шабындық алқаптардың және ауданы 30,62 гектар жайылымдардың болуы туралы анық емес, төмендетілген мәліметтер көрсетілген, ал ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының мәліметтеріне сәйкес сұралған учаскенің шабындық алаңы 193,4 гектар, жайылымдар 30,0 гектар болып шыққан.

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы лауазымды тұлғаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады (мемлекеттік органның жалған ақпарат таратуы).

"Самар ауданы сотының қаулысымен жер қатынастары бөлімінің басшысы аталған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 117 960 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды", делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Абай облысында ТШК қызметкерлері 1 млрд теңгеден аса бюджет ақшасын заңсыз пайдаланбақ болғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: