Желідегі видео: Балқаш көлінде демалушылардың оқиғасына қатысты полиция түсінік берді
Сурет: видеодан алынды
Балқаш көліндегі екі қыздың демалысы қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Суға жүзе алмайтындарын ескерткеніне қарамастан көл бетінде серуендеу кезінде катер жүргізушісі шалт әрекет жасап, екі қыз суға құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі бұл фактіні растады.
"Ағымдағы жылдың 8 тамызында Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетілуіне байланысты полицияға шағыммен жүгінді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталып, жауап алынды. Құқық бұзушылықтың жасалуына себеп болған жағдайлар мен мән-жайларды толық анықтау, сондай-ақ кінәлілерді заң аясында қатаң жауапкершілікке тарту мақсатында қажетті барлық тергеу әрекеттері жүргізілуде", делінген 2025 жылғы 14 тамыздағы полиция хабарламасында.
Қарағанды облысы полиция департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мұндай құқық бұзушылықтарға қатаң түрде шара қолданатынын ескертеді. Кінәлілер лайықты жазасын алады.
Бұған дейін желіде видеосы тарап, Астанада көшеде бойжеткеннің бөксесін сипаған ер адам жауапқа тартылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript