Атырауда әлеуметтік жағдайы нашар отбасының балалары арнайы мекемеге орналастырылды

Жасөспірім, Атырау, әлеуметтік жағдайы нашар отбасы, арнайы мекеме , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2025 21:33 Сурет: куәгерлер түсірген
Әлеуметтік желіде 14 жасар баланың құр алақан болғаны үшін үйіне бармай, көшеде ұйықтап жатқан видеосы тарады. Жасөспірімді ересектерге тамақ пен темекі тауып әкелуге мәжбүр ететіні, ал одан бас тартса немесе ештеңе таппаса оны үйге кіргізбей қоятыны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Atyrau Online порталының ақпараты бойынша, бұл отбасында тағы үш жасар қыз бала да өсіп жатыр. Жергілікті тұрғындар анасының алкогольді асыра пайдаланатынын, бөгде адамдар пәтерге жиі келетінін, ал балалар көбіне қараусыз қалатынын айтады. Көршілер мұның барлығынан хабардар болған, бірақ өздері мойындағандай, бұл туралы ұзақ уақыт үндемей келген. 

Өңірлік полиция әлеуметтік жағдайы нашар отбасының балалары арнайы мекемелерге орналастырылғанын растады.

"14 жастағы жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал 3 жасар бала Балалар үйіне орналастырылды. Тексеріс нәтижесінде ата-аналардың балаларын тәрбиелеу мен қауіпсіздігіне жауапсыз қарағаны анықталды".Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция нақтылап өткендей, ата-аналармен бірнеше рет профилактикалық әңгімелер жүргізілген, сондай-ақ олар бұған дейін де ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.

Қазіргі таңда іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданып, ата-аналардан ата-аналық құқықты айыру мәселесі қаралатын болады.

Бұған дейін Ақтауда "балаларға күн көрсетпейді" деп айыпталған өгей әке ісіне қорғаншылық органы араласқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: